Қазақ тілі

Қазақ тіліне/тілінен жазбаша және ауызша аудару қызметтері

Eurasian Linguistics — қазақ тіліне/тілінен кәсіби жазбаша аудару, локализациялау және ауызша аудару қызметтері үшін «бір терезе» ұйымы. 2000 маман лингвисттерден тұратын желі арқылы біз үздік сапалы қазақ тіліне/тілінен жазбаша және ауызша аудару шешімдерін қамтамасыз ете аламыз әрі мұны мерзімдеріңізге және бюджетіңізге сай істейміз. Сондай-ақ біз көптеген басқа тілдерде жазбаша аудару, локализациялау және ауызша аудару қызметтерін қамтамасыз ете аламыз.

Сондай-ақ сіз қазақ тіліне/тілінен аудару жобаларыңыз ең жоғары сапа стандаттарына сай жүзеге асырылатынына сенімді бола аласыз, өйткені Eurasian Linguistics компаниясы ISO 17100 (аударма сапасына қатысты халықаралық стандарт) стандартына сай толығымен аккредитацияланған.

Қазақ тіліне/тілінен жазбаша немесе ауызша аудару, я болмаса кез келген басқа қатысты қызметтер туралы Eurasian Linguistics компаниясына бүгін +44 (0)118 3800 432 нөмірі немесе жай ғана ask@eurasianlinguistics.com электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарласыңыз.

Қазақ тіліне қатысты қызметтердің арасында келесілер бар:

Сондай-ақ бұл қызметтер көптеген басқа тілдерде қолжетімді.

Мамандандырылған қазақ тіліне/тілінен жазбаша және ауызша аудару компаниясы ретінде, Eurasian Linguistics қажеттіліктеріңізге сай жазбаша және ауызша аудару қызметтерін ұсына алады. Біз негізінен заң және іскери жазбаша және ауызша аудармалармен айналысамыз, бірақ, сонымен бірге, медицина және технология сияқты басқа салаларда қызметтерді қамтамасыз ете аламыз.

Заң

Біздің заң саласындағы маман қазақ тіліне жазбаша және ауызша аудармашылар арнайы заң терминологиясын арнайы оқыған. Eurasian Linguistics қазақ тіліне/тілінен заң құжаттарын аудару қызметтерінің кең ауқымын (келісімшарттар, куәгерлердің мәлімдемелері, компанияны тіркеу туралы құжатар, сенімхаттар, отбасы туралы заңдарға қатысты әртүрлі құжаттар және көптеген басқа құжат түрлері), сонымен бірге қазақ тілінде сотта ауызша аудару, куәгерлердің есептерін қазақ тілінде ауызша аудару, қазақ тілінде транскрипциялау және жергілікті қазақ тіліндегі құжатты анықтау.

Бизнес

Қазақ линвгисттеріміздің бизнес салаларының кең ауқымындағы тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында Eurasian Linguistics бизнес-клиенттер қажет ететін үздік сапалы қазақ тіліне/тілінен жазбаша аудару, локализациялау және ауызша аудару қызметтерін қамтамасыз ете алады: Құжаттардың алуан түрлерін, соның ішінде қаржылық есептерді, нарық туралы есептерді, жыл сайынғы есептерді, жиналыс хаттамаларын, пресс-релиздерді, электрондық хаттарды және келісімдерді қазақ тіліне/тілінен аудару; клиенттермен кездесулерді, кеңестердің жиналыстарын, конференцияларды және көрсетілімдерді қазақ тіліне/тілінен ауызша аудару; жергілікті қазақ тіліндегі құжатты анықтау.

 

Eurasian Linguistics заң және іскери жазбаша аударуға, локализациялауға және ауызша аударуға маманданады, бірақ, сонымен бірге, біз басқа салаларда қазақ тіліне/тілінен жазбаша және ауызша аударуды ұсына аламыз. Eurasian Linguistics медициналық есептердің, жаңа технологияның пайдалану нұсқаулықтарын, технология туралы брошюралардың, туу туралы куәліктердің, неке туралы куәліктердің, ажырасу туралы куәліктердің және өлім туралы куәліктердің аудармаларын орындады. Сондай-ақ Eurasian Linguistics жарнамалық және маркетингілік материалдардың, өнер галереяларының брошюраларының, үйлену тойындағы сөздердің және беделді жүлделердің рәсімдерінің аудармаларын қамтамасыз етті.

Eurasian Linguistics сертификатталған қазақ тіліне/тілінен аудару қызметтерін қамтамасыз ете алады. Өз атынан немесе кәсіби қазақ лингвисттерден өз атынан сертификаттауды қамтамасыз етуін сұрау арқылы. Желіміздегі бірқатар лингвисттер «ант берген» немесе «ресми» аудармашылар болып табылады. Оларға тұратын жеріндегі заңды немесе әкімшілік талаптарға сай «ант беретін» немесе «ресми» аудармаларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген.

Бірқатар нотариустармен, соның ішінде Лондондағы үздік лингвист нотариустар фирмасы арқылы біз сонымен бірге құжаттарды нотариалдық түрде куәландыруды және оларды Сыртқы істер министрлігінің апостилімен заңдастыруды ұсынамыз.

Eurasian Linguistics жүзеге асыратын жазбаша аудару, локализациялау және ауызша аудару жұмысының көп бөлігі ағылшын тілі мен басқа тіл арасында болғанымен, лингвисттеріміздің көпшілігінде бірнеше әртүрлі тілдерден немесе тілдерге аудару мүмкіндігі бар. Сондықтан, Eurasian Linguistics қазақ-орысша немесе француз-қазақ және көптеген басқа тілдер сияқты ағылшын тілін қамтымайтын тіл жұптарында құжаттарды жазбаша аудару, локализациялау және ауызша аудару қызметтерін қамтамасыз ете алады.

Eurasian Linguistics арқылы сіз құжаттарыңыз бен деректеріңіз қауіпсіздікте болатынына сенімді бола аласыз, өйткені біз GDPR ережелеріне сай дерекқорымызда және хабарларымызда деректерді қорғауды қамтамасыз ету үшін жүйелерді және технологияны пайдаланамыз әрі барлық лингвисттерімізден құпиялылық туралы келісімдерге қол қою талап етіледі. Сондай-ақ сіз талап етуіңіз мүмкін кез келген арнайы құпиялылық шарттарын орындай аламыз

 

Баға ұсынысын сұрау немесе Eurasian Linguistics ұсынатын қазақ тіліне/тілінен ауызша аудару қызметтері, қазақ тіліне/тілінен локализациялау қызметтері және қазақ тіліне/тілінен құжаттарды жазбаша аудару қызметтері қажеттіліктеріңізді қалай қанағаттандыра алатынын талқылау үшін бізге бүгін +44 (0)118 3800 432 нөміріне қоңырау соғыңыз немесе ask@eurasianlinguistics.com мекенжайына жазыңыз.

 

GET IN TOUCH

Please drop us a line to get a bespoke quote or request a callback to discuss your translation / interpreting needs.

CONTACT US